АҚШ пен Иран ресмилері алдағы аптада кездеспекші

АҚШ және Иран ресмилері желтоқсанның 18-де кездесіп, Ирақ қауіпсіздігіне байланысты келіссөз өткізбекші. Бұл туралы кеше Бағдадта Ирақ Сыртқы істер министрі Хошияр Зебари хабарлады. Қауіпсіздік сарапшылары деңгейінде өтетін ол кездесу “техникалық” сипатта болмақшы, деді Зебари.