БАЛИ: Ғаламдық ауа райының құбылуы проблемасы бойынша Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан халықаралық конференцияның барысында Киото хаттамасының ең өзекті мәселесі бойынша келісімге қол жетті. Атап айтқанда, ауа райының құрғақшылық, су тасқыны сынды құбылуының ауыр салдарымен күресу үшін дамушы елдердің “қайта қалпына келтіру” қорын пайдалануына мүмкіндік беріледі. Киото хаттамасына қол қойылған 1997-нші жылдан бері әлгі Қорда дамыған елдердің бөлген 67 млрд. доллар қаржысы жиналып қалды.