Қырғызстанда оппозициялық белсенділер соққыға жығылды

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош аймағында оппозициялық “Ата-Мекен” партиясының 3 белсендісі соққыға жығылды. Партияның Нукат ауданындағы кеңсесінде оларды белгісіз бір кісілер ұрып соғып қабырғаларын сындырып кеткен. Омбудсмен Турсынбай Бәкір-ұлы қауіпсіздік күштерін қарапайым тұрғындарды жақсырақ қорғауға шақырды.