Роберт Гейтс Ауғанстандағы НАТО күштері қатарында әскердің, қару-жарақ пен керекті жабдықтардың жетіспеушілігі сезіле бастады деп, НАТО одақтастарын осы мәселеге көбірек көңіл бөлуге шақырды. Қорғаныс министрі Конгрестегі тыңдаулар барысында одақтастардың Ауғанстанға қосымша қорлар бөлуге құлықты болмағанына өкініш білдірді. Ол Ауғанстанда жасақтары орналасқан НАТО елдерінің қорғаныс министрлерімен осы аптада Шотландияда болатын кездесуде бұл мәселені жан-жақты талқылайтын боламыз деп атап көрсетті.