- Қазақ тілінде жаңа медиа-технологиямен айналыса бастағалы бері мына жайт назарыма түсіп, мен қатты қынжылтып жүр. Біздегі – Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастырушы күштің дені орыс тілінде қалыптасып келе жатқандығы көңіліме батады. Себебі, біз Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастырамыз десек те, оның барлығы орыс тілінде болғандықтан, қазақ ұлтының мүддесі үшін емес, өзге халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтіндей болып көрінеді маған.
Біздің елімізде, соңғы жылдардың ішінде, жалпы мемлекет тарапынан, үкімет тарапынан азаматтық қоғам дамытуға қатысты бірнеше шаралар қолға алынды. Тіпті, елдің бюджетінен де азаматтық қоғамды дамыту үшін белгілі бір қаржы бөлініп жатыр. Ең сорақысы сол, біздің, менің төлеп жатқан салық ақшам сол орыс тілінде жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға бөлініп, қазақ тілді қоғам үшін емес, ауылдағы ағайын үшін емес, орыс тілді ұйымдарға жұмсалады.
Ал нақты ауылдағы ағайынға жәрдемі тиетін, ауылдағы ағайында жаңағы азаматтық белсенділікті қалыптастыруға жұмыс істейтін ұйымдарға жетіп жатқан жоқ, осы жайт қатты қынжылтады. Және де кез-келген Қазақстанның бір үкіметтік емес ұйымымен жұмыс істегің келсе, мәселен, байқау ұйымдастырады немесе бір жиналыстарға шақырады, қатысайын деп ниет етсең – қағазының барлығы орыс тілінде, толтыратын құжаты түгелдей орыс тілінде . Жеке өз басым мұның барлығын кемсіту деп түсінуіме болады. Себебі, мен Қазақстанда тұрсам да, менің азаматтық қоғамға қазір қатысуыма әлгіндей үкіметтік емес ұйымдар кедергі келтіріп отыр. Жақсы, мен орыс білемін, бірақ басқа азаматтар ше? Олар белгілі бір деңгейде үкіметтік емес ұйыммен жұмыс істеу үшін орыс тілін білуі міндеттеледі. Және бұдан шығатын екінші проблема - Қазақстандағы азаматтық қоғамның екіге жарылуы, бір нүктеден шыққан қосылмайтын екі сәуле сияқты екіге бөлініп бара жатқандығы айқын көрінеді. Яғни, қазақ тілді ұйымдар өз алдына, ал орыс тілді ұйымдар өз алдына дамып жатыр. Мысалы, орыс тілінде баспасөз-маслихаты өтсе, қазақ журналистері көп қатыспайды оған, оны көп насихаттамайды, көп таратпайды. Сол тәрізді қазақ тіліне, қазақ ұлтына қатысты бір баспасөз-маслихаты, жиналыс өтсе орыс тілді журналистер оған көп қатыспайды. Яғни, бір жерде, бір елде, бір мемлекетте өмір сүріп отырып, екі тарап екі көзқарасқа қарай бөлініп бара жатқаны айқын байқалады.
Менің ойымша, мұның барлығының қазірден алдын алмаса, бұл мәселені шешу жолдарын бүгіннен бастап қарастырмаса келешекте бұл үлкен проблемалар тудыруы мүмкін. Қазір мен жаңағыдай орыс тілді ұйымдарға жиі хабарласам, «неғып сіздердің жобаларыңыз орыс тілінде, неліктен менің қазақ тілінде жазған хатыма қазақша жауап бермейсіздер» деген тәрізді сұрақтарыма олар кешірім сұрап, қазақ тілін білмейтіндігін сөз қылады немесе қажет болса бұл проблеманы өздеріңіз дамытыңыздар деген сылтау айтады. Жалпы, осы жайттар мені қатты қынжылтады. Бұл орайда, әрине, біздің де – қазақ тілді, ұлтжанды азаматтардың белсенділігінің төмендігі кедергі болуы мүмкін.
Десе де, менің ойымша, егер менің салығым, менің қалтамнан төлеген ақшам оларға бөлініп жатса онда осы бастан менің талап етуге құқығым бар деп ойлаймын. Осы жайтқа біз қоғам болып жете мән беруіміз керек сияқты.