Тәліптер шабуылында Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің 15 адамы қаза тапқан

Полицияның хабарына қарағанда, кеше Ауғанстанның шығысында АҚШ-тың жекеменшік фирмасында жұмыс істеп жүрген 15 құпия күзет қызметкері мерт болған. Полковник Сайдо Ханның айтуынша, тағы да бес адам жарақат алған. Бұл шабуыл Фарах провинциясының Бала бұлүк ауданында орын алған.