Евродақ пен АҚШ-тың бірлескен мәлімдемесінде Евродақтың Косово мәртебесін кезең-кезеңмен реттеу туралы жоспар дайындауға әзір екендігі айтылған. Сәрсенбі күні бұл мәселені талқылаған Қауіпсіздік кеңесі ымыраластық шешіміне келе алмады. Албандар басым тұратын Косово басшылығы аймақтың тәуелсіздігін біржақты жариялаймыз деп ескерткен болатын. Белград болса мұндай шешімге түбегейлі қарсы болып, мәселенің БҰҰ шеңберінде шешілуін талап етуде. Ресей Сербияның бағытына қолдау білдіріп, Косово мәртебесіне қатысты әлі де келіссөздер мүмкіндігін қарастыруға шақырып отыр.