Мәскеуде Каспий жағалауымен газ құбырын тарту туралы 3 жақты құжатқа қол қойылуға тиіс

МӘСКЕУ: Бүгін Қазақстан президент Н.Назарбаев жұмыс сапарымен Мәскеуге келіп, Ресей президенті В.Путинмен келіссөз өткізеді. Оның барысында 2 лидер 2 елдің арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін, интеграциялық әріптестіктің даму барысын, сондай-ақ Орта Азия аймағы мен бүкіл әлемдегі ахуалды талқылайды. Сонымен қатар Н.Назарбаев пен В.Путин Каспий жағалауымен газ құбырын бірлесіп тарту жөніндегі Қазақстан, Ресей және Түркіменстан үкіметтері арасындағы 3 жақты келісімге қол қою рәсіміне қатысады. Осы құжатқа қол қойылған соң Каспийдің шығыс жағалауында газ құбыры мен тасымалдау жолдарын салу басталады.