Бүгін Түркменстан бұрынғы президент Сапармұрат Ниязовтың өлімінің бір жылдығын атап өтуде. Ниязов 2006 жылы 21-ші желтоқсанда қайтыс болған тұғын. Президент Гұрбангұлы Бердымұхаммедовтың мәлімдеуінше, 21-желтоқсан әр жылы мемлекеттік деңгейде Ниязовты еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Түркменстан телеарналарында аза тұту музыкасы мен Ниязовқа арналған өлеңдер және Ниязовтың өзі жазған шығармалары берілді.