ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль премьер-министрі Э.Ольмерт Палестинадағы бітіспес “Хамас” қозғалысымен арада бітімге келудің тіпті мүмкін еместігін мәлімдейді. Ольмерттің сөзіне қарағанда, Израиль - өткен маусым айында Газа аймағында билікті басып алған “Хамас” тобына қарсы нағыз соғыс қимылдарын жүргізіп келеді. “Хамас”-тың мүшелері Израиль жерін атқылауды доғармай отыр. Соңғы уақытта “Хамас” көсемдері Израильмен бітімге келуді көздейді деген хабар шықты. Ал Э.Ольмерттің мәлімдеуінше, “Хамас” тобы қантөгісті доғарып, бұрынғы келісімдерді және Израиль мемлекетін мойындағанда ғана Израильдің бітімге келісуі мүмкін.