Еркін де ашық сайлаулар өткізді деп Тайландты АҚШ құттықтады

Жаңа сайланған ел үкіметімен бірнеше мәселелер бойынша бірлесе іс жүргізуге АҚШ-тың үміт артатындығын Мемлекеттік департамент өкілі Син МкКормак айтты. 2006-шы жылдың қыркүйегінде биліктен кетірілген үкімет басшысы Саксин Шинаватра жақтастары сайлауда жеңіске жеткенімен, парламентте көпшілік орынға ие бола алмады.