Ауғанстандағы шабуылдардан 5 адам құрбан болды

Ауған полициясының хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Қандағар қаласының жанында жексенбі күні екі жарылыс орын алған. Оның салдарынан 4 адам құрбан болған. Ауған полициясы бұл жарылыстарға байланысты “Талибан” соғысушыларын кінәлап отыр. Сонымен қатар, кеше Ауғанстанның шығысындағы Кунар өлкесінде орын алған шабуылдан бір полиция қызметкері опат болды.