Сәрсенбі күні Өзбекстандық бір топ азамат Алматыдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараты алдына жиналып, аштық акциясын бастайтындықтарын мәлімдеді. Біршама уақыттан бері Қазақстанда босқын мәртебесін ала алмай бұл адамдар өздерінің акциясын Өзбекстандағы президенттік сайлау қортындысына наразылық ретінде және өздеріне босқын мәртебесін беруді кешіктіріп жатқан Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар комиссариаты бөлімінің басшысы Сезар Дюбонға наразылық деп түсіндірді.
Сәрсенбі күні ауа-райының аязды суығына қарамастан «Бірдамлик» демократиялық қозғалысы өкілдерінің атынан Өзбекстандық бес азамат Алматыдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараты алдына жиналды. Олар қолдарына «Өзбекстанда өткен президенттік сайлау заңсыз! Ислам Каримов Өзбекстан президенті емес!», «Сезар Дюбон Ислам Каримовтың режимі мен диктатурасының досы», «Сезар Дюбонның отставкаға кетуін талап етеміз!» деген сөздер жазылған плакаттар ұстап тұрды.
«Біздің бәріміз Өзбекстан азаматтарымыз және «Бирдамлик» демократиялық қозғалыс мүшелеріміз. Өз отанымызда саяси белсенділігіміз үшін ұлттық қауіпсіздік күштері тарапынан қудалауға ұшырағанымыз себепті осы Қазақстанды паналап жүргенімізге бірталай болды. Біздің аштық акциямыздың екі мақсаты бар. Біріншіден, біз Өзбекстанда жақында өткен президенттік сайлаудың нәтижесімен келіспейтіндігімізді білдіреміз, екіншіден, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар комиссариаты бөлімінің басшысы Сезар Дюбонға қарсы наразылық айтамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылары мен осы ғимараттағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйым өкілдері біздің наразылығымызға назар аударар деп сенеміз. Сондықтан бүгіннен бастап мерзімсіз аштық жариялап отырмыз», - деді «Бирдамлик» қозғалысының мүшесі Бахтиержон Мамаджанов.
Оның Қазақстанға келіп, Алматыдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар комиссариатына құжаттарын тапсырып өзіне «босқын» мәртебесін сұрағанына жеті айдан асыпты. Ал оның кейбір серіктерінің осы мәртебені сұрап Босқындар комиссариатына өтініш жазғалы бір жарым жыл бопты. Аштық акциясына шыққандар өз өтініш-шағымдарына немқұрайлы қарап жатыр деп, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар комиссариатына кінә артып отыр.
«Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар комиссариаты бізге Өзбекстанды еске түсіреді. Ал осы ұйым шенеуніктері Өзбекстан прокурорын еске түсіреді. Біздің өтініш-арыздарымызды қарау ісін олардың бюрократиялық сиырқұйымшақтыққа салғанына қарап осы ұйымның Қазақстандағы жетекшісі Сезар Дюбон Ислам Каримовтың режимімен ынтымақтасқан ба деген ой келеді. Біз Сезар Дюбонның отставкаға кетуін талап етеміз», - дейді Бахтиержон Мамаджанов.
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар комиссариаты Рождество мейрамына байланысты қысқы каникулдарының басталып кетуіне байланысты кеңседе басшылардың жоқ екенін алға тартып әзірге ешқандай түсініктеме бере алмайтындарын айтты. Ал осы жылғы қазан айында «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Сезар Дюбон мырза:
«Соңғы екі жылда Өзбекстан азаматтарынан босқын мәртебесін сұрап жазған өтініштері недәуір көбейді және 2005 жылдан бері 400-дей Өзбекстан азаматтарына біз босқын мәртебесін бердік», - деп айтқан еді.