Грузин миллиардері оппозицияның шеруін қуып таратпауға 100 млн. долларын құрбан етуге дайын

ТБИЛИСИ-ЛОНДОН: Грузиядағы президент сайлауына үміткер болып түсетін белгілі кәсіпкер Бадри Патаркацишвили оппозицияның наразылық шеруіне күш қолданбауы үшін полиция бастығына “мол ақша” ұсынғанын мойындады. Миллиардердің “ағынан жарылған” бұл сөзі кеше кешкісін теледидардан берілді. Өткен дүйсенбі күні Грузияның прокуратурасы 5-інші қаңтардағы президент сайлауының ізінше Патаркацшвилидің жаппай наразылық шеруін ұйымдастырып, арнайы полиция бөлімінің бастығы Эрекле Кодуаға егер билікті құлатуға келісетін болса 100 млн. доллар беруге уәде еткенін мәлімдеді. Алайда Патаркацшвили оппозицияның жаппай шеруін өткен айдағыдай күштеп қуып таратуға жол бермеу үшін Кодуамен өткен жексенбі күні Лондонда кездескенін хабарлады.