Еуропа одағының Сыртқы істер бойынша басшысы Хавиер Солана мен Иранның ядролық сөйлесулер бойынша бас өкілі Сайед Жалили соңғы рет 30-шы қарашада, Лондонда кездескен болатын. Алайда ол жолы да келіссөздерде ілгерілеушіліктер болмаған еді. Содан бері екі жақ арасында байланыс орнаған жоқ.