Бағдадта шиитердің жерлеу рәсімінде жанкештілік шабуылы жасалды

Бомба жарылысынан кемінде 28 адам қаза тапты, кемінде 33 адам жарақат алды. Оқиға шиитер мен сүннитер тұратын Зайтуна ауданында орын алды. Мұнда осыдан төрт күн бұрын Бағдад орталығында бомба жарылысынан қаза тапқан бұрынғы әскери офицерді жерлеу рәсімі өтіп жатқан.