Түркменстанда шетелдік валютаны сатуға, сатып алуға салынған тиым алынып тасталды

Он жыл бойына Түркменстанда ешкім де шетелдік валютаны айырбастай алмайтын, енді ол заңдастырылды. Президент Гурбангұлы Бердімұхамедов елдің 100-ден астам банк бөлімшелерінде түркмендердің және шетелдіктердің валютаны сатып алуына, сатуына, айырбастауына мұрсат беретін заңға қол қойды. Оның айтуынша, бұл валюта қара базарын тұншықтыруға, шетелдік инвестицияны молырақ тартуға жол ашады.