Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Нұра ауылында құсбегіліктің қыр-сырымен қанықтыратын «Жеті қазына» мұражайы және саятшы клубы жұмыс істейді.
«Жеті қазына» саятшы клубы 1995 жылы құрылып, 2003 жылы мұражайы ашылған. Бүгінде клубқа 11 құсбегі мүше. Сондай-ақ түрлі жарыстарға қатысатын 11 қыран бүркіт және бар. Осы клубтың жетекшісі, ең жас құсбегі Қуаныш Исабеков құсбегілік өнер кез-келген адамға берілмейтін ерекше өнер дейді:
- Менің осы құсбегілікке әуестенуіме әкем себеп болды. Мектепте 5 сыныпта оқып жүргенімде әкем маған күйкентай деген кіші қырандар тобына жататын құсты ұстап берді. Соны үйретіп, торғай-бөденеге салып жүріп, жағалтай, қаршыға, ителгі бақтым. Кейін бірте-бірте бүркітке жеттік. Қазір бүркітпен аңшылық жасап жүрмін. Құсбегі болам деген адамда құсқа деген құмарлық болуы керек. Құмарлық жоқ жерде, ешқандай еңбектің жемісі болмайды. Одан кейін ең керектісі - шыдамдылық. Түзден түскен қыран адамға жат мінез танытады. Қайтсе де ол құтылып кетудің амалын іздеп, адамға шабуыл жасап, жазым қылып қоятын сәттер болады. Сондай кезде еш қиналмай, құсқа кешірімшіл болуы керек. Ал ұрып-соғып қойсаңыз, ол бір қастанып алады да, өмір бойы ұмытпайды.
Сондай-ақ Қуаныш Исабеков бүгінде бүркітшілерде кездесетін проблемалық мәселеге де тоқталды:
- Қай құсбегіге болсын, ең бірінші қиын мәселе - бүркітке ет тауып беру. Қазір мемлекеттен ешқандай көмек жоқ, сондықтан ауылдағы қойшы-малшылар көмек көрсетіп тұрады. Олар қырандар көктемде түлекке отыратын кезде мал төлдетеді ғой, сонда өлген қозы-лақ, тоқты-торпақтарын әкеліп береді. Содан кейін тауға аң аулауға рұқсат алып, бүркіттің ең сүйікті тағамы - суыр деген аңды аулаймыз. Көп жағдайда ет жоқ болып қалады, құсбегі бүркітті баққаннан кейін оның обалына қалмай, ашықтырмай, азық тауып беруі тиіс.
Қуаныш құсбегілердің аңшылыққа шығатын уақыты жайында да әңгімелеп берді:
- Бүркіт, қаршыға, сұңқар, лашын, бидайық - қай қыран болсын күзде үйретіледі, күзде бапталады. Себебі, күннің салқындауы құсбегілікке тиімді. Наурыз айынан қазан айына дейін кез-келген қыран түлекте отырады. Қазан айынан ол аңшылыққа үйретіліп, ақпан айының аяғында аңшылық маусымы бітеді.
«Жеті қазына» саятшы клубы мүшелерінің бірі Алдаберген Шалипов құсбегілікпен 10 жылдай айналысып келеді екен. Алдабергеннің айтуынша, оның арғы аталары саятшылық кәсіпті жақсы меңгерген құсбегілер болыпты:
- Мәрзім атам құсбегі, қақпаншы, мерген кісі болған екен. Ата жолын қуып осы бүркітпен айналысып жүрмін. Бір жағы қызық, бір жағы құмар дүние. Бұл өнер ата-бабаның қанына сіңген ғой.
Алдаберген Зейнелұлы әр кәсіптің өз қиындығы мен қызығы болады дей келе, құсбегіліктің кейбір қырларына да баса назар аударды:
- Жалпы, құсбегілікті меңгеру оңай дүние емес. Бұл күрделі де, қиын кәсіп. Бұны қызыққан, шыдаған адам ғана бағады. Қолдан томаға тартқанда ұшқан қыранды көріп, бұрынғы қиыншылықтардың бәрі бір сәтке ұмытылады, жан рахатын табасың. Қыранның қасиеттілігі соншалық, сипап отырғанның өзінде адамға жақсы әсер береді. Қазақ халқының қыранды ежелден қадірлеп-қастерлеуінің де өзіндік орны бар.
Құсбегілердің айтуынша, бүркіттің салмағы географиялық шығу тегіне байланысты болады. Алтай таулары, Ұлытау, Алатаудың құсы, тау құсы, ой құсы, қыр құсы деп табиғи жерге байланысты бүркіттің дене тұрқы да соған есептеліп бейімделеді. Үлкен таулардың бүркіттері алып болады екен. Мәселен, аталық бүркіттің салмағы 3-4 келі болса, аналығы 6-7 келі шамасында. Негізінен құсбегілер қолға аналық бүркітті түсіруге тырысатын көрінеді.