Кения оппозициясы тыйымға қарамастан бүгін ел астанасы Найробиде тағы үлкен митинг өткізбек

Оппозиция наразылық митингісін кеше де өткізді, полиция күш қолданды, тыйым салынған митинг тоқтамаса қару қолданамыз деді. АҚШ сыртқы істер министрінің көмекшісі Джиндей Фрейзер бүгін Кенияға барып, ел президенті Мвай Кибаки мен оппозиция басшысы Райла Одинганың мәмілеге келуіне әрекет жасайды. Кенияда 27 желтоқсанда президент Мвай Кибаки қайта сайланды, сайлау бұрмаланды деген даудан ұлтаралық қақтығыс шықты, кемінде 300 адам қаза тапты.