Британия тергеушілері Пәкістанға келді

Британия тергеушілері Пәкістанда қастандықтан құрбан болған оппозиция лидері Беназир Бхуттоның өлімін зерттеуге көмектесу үшін Исламабадқа келді. Пәкістан билігінің айтуынша, Бхутто ханым жанкештілік жарылыстан қаза тапқан. Ресмилер ол жарылысты “Әл-Қаида” соғысушылары жүзеге асырды деп айыптап отыр. Ал оның партиясы Бхутто басына оқ тиіп құрбан болды дейді. Президент Первез Мушарраф Бхутто өлімінің шынайы себебіп анықтау үшін Британиялық тергеушілерді елге шақырғанын мәлімдеген болатын.