Айова штатында өткен Республикашылар партиясының жиынында Майк Хаккаби Мит Ромниді жеңді. Ал Демократтар партиясының жиынында Барак Обама өзінің бәсекелестері Хиллари Клинтон мен Джон Эдуардсты жеңіп шықты. Президенттіктен үміткерлер енді Нью-Гемпшир штатына аттанып отыр. Кандидаттарды іріктеу үдерісі елдің 50 штатында өтеді, сөйтіп әрбір партиядан бір үміткер таңдалып, олар сосын қараша айындағы президент сайлауында бақсынасатын болады.