Косово парламенті ант қабылдады, енді тәуелсіздікті жариялауға дайын

Косово парламенті өзінің алғашқы сессиясына жиналар алдында заң шығарушылардың әрқайсысы жазбаша түрде ант қабылдаған. Алдағы сәрсенбі күні парламент қайта жиналып, министрлер кабинеті мен премьер-министрге дауыс береді. Үкіметбасы болады деп күтілген Демократиялық партия жетекшісі Хашим Тачи Косово өзінің тәуелсіздігін жариялайтындығы анық деп атап көрсеткен. Парламенттегі екі басты партия - Демократиялық лига мен демократтар партиясы Косово аймағының өз алдына мемлекет болуын қалайды.