Мұхамед Ел-Барадей апта соңында Иранға барады

Халықаралық Атом энергетика агенттігінің директоры Мұхамед Ел-Барадей апта соңында Иранға барады, мақсат - Иран ядролық бағдарламасына қатысты даулы мәселелерді шешу. Агенттік мәліметіне қарағанда, Мұхамед Ел-Барадей Тегеранда жұма және сенбі күндері болады. Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде қорытынды шығару үшін елдің бұрынғы және қазіргі ядролық саладағы қызметі жайында кейбір тұстарды анықтау қажет.