Пәкістан үкіметі исламшылдарға қарсы өз жерімізде тек өз әскеріміз қимыл жасайды, басқа елдің әскерін кіргізбейміз деді. Пәкістан сыртқы министрлігінің мәлімдемесі "Нью-Йорк таймс" газетінің хабарынан кейін жасалып отыр, "Нью-Йорк таймс" газеті АҚШ үкіметі Пәкістан жерінде исламшылдарға қарсы батылдау қимыл жасағасы келеді, осыны келісіп жатыр деген. Пәкістан президенті Перуез Мұшарраф болса АҚШ телекомпаниясына сұхбат беріп, "Әл Қаида" мен "Талибан" жауынгерлеріне қарсы өзіміз күресіп жатырмыз, бірақ "Әл Қаида" басшысы Осама бин Ладенді әдейі іздеп жатқан жоқпыз, себебі Осама бин Ладен Пәкістанда жүр дегенге ешқандай дәлел жоқ дейді.