АҚШ президенті Джордж Буш Израйль-Палестина бейбіт келіссөздерін алға жылжыту мақсатындағы сапарын осылайша бастап отыр. Буш бүгін Израйль үкімет басшысы Ехуд Олмерт және президент Шимон Переспен сөйлеспекші. Бейсенбіде ол Палестина президенті Махмуд Аббаспен Батыс жағалауда кездесетін болады. Бұл- аталған аймаққа Буштың жасап отырған алғашқы сапары. Мысырда қаңтардың 16-да бітетін осы сапарында АҚШ президенті оған дейін Араб елдеріндегі АҚШ одақтастарын аралап шықпақшы.