Қаңтардың 23-і күні Ақмола гарнизонының әскери соты Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы, кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастығының орынбасары қызметін, кейін Қазақстанның Австрия еліндегі өкілетті әрі төтенше елшісі болып қызмет істеген, ал қазір Қазақстанның құқық органдарынан бой тасалап, Австрия елін паналап жүрген Рахат Әлиев пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев екеуіне қатысты тағы бір қылмыстық істі қарағалы отыр.
Бұл туралы хабар таратқан «Интерфакс» жаңалық агенттігінің хабарлауынша, Р.Әлиев пен Ә.Мұсаев екеуіне 16 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрған деген айып тағылып, олардың үстінен Қазақстан Қылмыстық кодексінің «Билікті күшпен басып алу», «Мемлекеттік құпияны заңсыз алу және тарату», «Билікті жеке басына теріс пайдалану» секілді және тағы басқа баптар бойынша іс қозғалған.
Р.Әлиевке қатысты бұл жаңа қылмыстық істі тергеген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілер тобы істі өткен жылдың соңында, яғни желтоқсан айында сотқа тапсырыпты. Бұны бейсенбі күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров «Азаттық» тілшісіне растады. Р.Әлиев пен Ә.Мұсаевқа қатысты жаңа қылмыстық істі алдағы күндері қарағалы отырған Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Мағауия Елемесов қаңтардың 10-күні «Азаттыққа» берген сұхбатында бұл сот процесіне бірде бір ақпарат құралдары жіберілмейтіндігін айтты:
«Р.Әлиев пен Ә.Мұсаев және олар құрған топта болғандар ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарғандар, яғни әскери адамдар болғандықтан заң бойынша бұл іс әскери сотта қаралуы тиісті. Ал қылмыстық істе мемлекет құпиясына қатысты мәселелер бар болғандықтан сот процесі жабық есік жағдайында өтетін болады».
Р.Әлиевке қатысты тағы бір қылмыстық сот ісі қаралатын болғандығына байланысты елдегі оппозиция жетекшілерінің бірі, Коммунистік партия жетекшісі Серікболсын Әбділдин Р.Әлиевке қатысты бір немесе екі емес, он сот жүрсе де оған таң қалуға болмайды дейді.
«Өйткені, Р.Әлиевтің елді зарлатып күшпен, заңсыз істегендері соған тұрады. Бірақ та қазіргі билік осыдан бір ой түйіп, содан қортынды жасаса ең дұрысы сол болар еді», - деді ол.