Грузия оппозициядағы дәулетті кәсіпкерді төңкеріс жасамақшы болды деп айыптауда

Грузия прокурорлары оппозиция саясаткері және қаржы алыбы Бадри Патаркацашвилиге мемлекеттік төңкеріс жасап, террорлық актілер ұйымдастырмақшы болды деген айып тақты. Қазіргі таңда шетелде тұрып жатқан Патаркацашвили өткен аптада болған президенттік сайлауда Грузия президенттігіне үміткер ретінде қатысқан кандидаттың бірі, ол онда 7 проценттей дауыс жинаған болатын. Өткен жылдың аяқ кезінде Тбилисидегі үкіметке қарсы болған жаппай шерулерге қатысқан Патаркацашвили астыртын төңкеріс әрекеттеріне барды, ресми тұлғаға пара бермекші болды деп те айыпталған еді, Патаркацашвили болса өзін өлтірмекші болды деп билікті айыптаған болатын.