Пентагон Ауғанстанға қосымша әскер жіберуді ойластыруда

АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гэйтс Талибанның көктемгі шабуылдарының алдында АҚШ күштерінің санын көбейту үшін Ауғанстанға қосымша 3 мың әскер жіберуді ойластырып жатыр. Бұл туралы Пентагонның баспасөз-хатшысы хабарлады.