Дж.Буш Таяу Шығыс аймағындағы сапарын Сауд Арабиясында жалғастырады

ӘР-РИАД: Бүгін Дж.Буш АҚШ-тың президенті ретінде алғаш рет Сауд Арабиясына келеді. Оның алдында Дж.Буш Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт сынды араб елдері мен Израильде және Иордан өзенінің Батыс жағалауында болды. Кеше Абу-Дабиде сөйлеген сөзінде Дж.Буш “халықаралық терроризмнің ең басты демеушісі” және “Әл-Қаида” тобымен қатар Парсы шығанағына төнген ең басты қатер деп Иранды өткір сынға алды. Өз сөзінде АҚШ президенті демократияны терроризм мен экстремизмге қарсы ең күшті қару деп сипаттап, демократиялық бостандықтардың қанат жаюына Американың кең қолдау көрсететінін ерекше атап көрсетті.