Ирақ астанасында жұмысына бара жатқан жолда аппеляциялық соттың судьясын атып кеткен. Биліктің айтуынша, Амир Жаудат әл-Найебтің жүргізушісі де атылған оқтың құрбаны болды. Ол Жоғары әділет кеңесінің мүшесі болған. Ирақта соңғы жылдары сот төрешілері, дәрігерлер мен заңгерлер сияқты кәсіби мамандарға қарсы қастандық шабуылдары жиі жасалып келеді.