Қазақстан Қашаған мұнай кенішіне қатысты нақты келісімге қол жеткізілді дейді

Қазақстанның мемлекеттік Қазмұнайгаз компаниясы Қашаған консорциумына қатысушылар ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан дау-дамайға қатысты өзара келісімге келіп, Меморандумға қол қойды деп хабарлаған. Қазмұнайгаз компаниясы жобадағы өз үлесін 8,33 проценттен 16 процентке арттырғысы келеді. Қашаған соңғы 40 жылда ашылған ең үлкен мұнай кен орны.