ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік департаменті хабарлағандай, Иранға оның ядролық бағдарламасына қарсы БҰҰ тарапынан қатаң жаза шығару мәселесін талдайтын 6 мемлекеттің сыртқы істер министрлері таяуда өзара басқосуға үміттенеді. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі болып табылатын әрі Қарар қабылдауға вето қоятын құқы бар АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, сондай-ақ Германия - Ұлттар Ұйымының Иранға қарсы жаңа Қарар қабылдауы мүмкіндігін талқылау үстінде. Ресми Вашингтон егер Иран уран шикізатын байытудан бас тартпаса, онда оған экономикалық жаза қолдану стратегиясын ұсынып келеді.