Тәліптерге қарсы соғыстың бар ауыртпалығын ауған армиясының өзі көтереді

КАБУЛ: Кеше АҚШ генералы мәлімдегендей, үстіміздегі жылы Ауғанстанның шығысындағы соғыс операцияларының бар ауыртпалығын ауған армиясы көтеретін болады. АҚШ генералы Джозеф Воутелдің “Ассошиэйтед Пресс” агенттігі келтірген сөзіне қарағанда, Ауғанстандағы АҚШ әскері ондай операцияларға тек қолдаушы күш ретінде қатысады. Ауғанстаның қорғаныс министрлігі ұлттық армияның қатарын жыл соңына қарай 50 мыңнан 70 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр.