Мәскеу мен Лондонның арасындағы дипломатиялық теке-тірес өршіп барады

ЛОНДОН: Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Милибенд Ресейдегі Британ кеңесі бөлімдерінің ресейлік қызметкерлерін “қорқытып, қудалауына” наразылығын білдірді. Шетелдерде ағылшын мәдениетін насихаттау және білім беру бағдарламасымен шұғылданатын Британ кеңесі хабарлағандай, кеше С.-Петербор мен Екатеринбор бөлімдерінің ресейлік қызметкерлері Федералдық қауіпсіздік қызметіне әңгімеге шақырылды, С.-Петербор бөлімі уақытша жабылып, оның жетекшісі Стивен Киннок қысқа уақытқа ұсталды. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің талабы бойынша, өзінің аймақтық бөлімдерін жаппағаны үшін Мәскеу ол бөлімдерге әкімшілік шара қолданатанын ескерткен болатын.