Иран лидері Таяу Шығысқа сапары кезінде Дж.Буш “теке-тіреске шақырған үндеулер жасады” деп санайды

ҚАЙЫР: Иран президенті М.Ахмадинеджад АҚШ президенті Дж.Бушты таяуда Таяу Шығыста болған сапарының барысында “теке-тірес туғызатын үндеулер жасады” деп айыптады. Осы аймаққа сапары кезінде Дж.Буш өзі “халықаралық терроризмнің ең басты демеушісі” деп санайтын Иранға қарсы араб елдерін жұмылдыруға көп күш жұмсады. “Әл-Жазира” телеарнасына берген сұхбатында М.Ахмадинеджад АҚШ президентінің әлгі үндеулерін ішкі саяси ахуалдың салдарынан жасағанын атап көрсетті. Иран президенті, сонымен қатар, Израильге дүрсе қоя беріп, оны “жер бетінен таяуда ғайып болатын ел” деп сипаттады.