БАҒДАД: Ирақтың солтүстігіндегі Әд-Диала өлкесінде мешітте болған жарылыстан кемінде 10 адам құрбан болды. Бұл қастандықты жанпидашыл-террорист іске асырды. Ирақта діни Ашура мерекесін атап өтіп жатқан шийт-мұсылмандарына қарсы соңғы тәуліктің ішінде осымен екінші рет қастандық жасалып отыр. Сәрсенбі күні жанпидашыл-әйел өзін-өзі жарып, 9 кісі қаза тапқан болатын.