Британ кеңесі Ресейдегі 2 бөлімінің жұмысын уақытша доғарды

ЛОНДОН: Британ кеңесі Ресейдің С.-Петербор және Екатеринбор қалаларындағы бөлімдерінің жұмысын уақытша тоқтатты. Кеше Лондонда ағылшын парламентінде Британ кеңесінің басшысы Мартин Дэвидсон мәлімдегендей, Ресей үкіметі аймақтық 2 бөлімді жұмыс атқару мүмкіндігінен айырды. Өткен сәрсенбі күні Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі әлгі 2 бөлімнің ресейлік қызметкерлерімен әңгіме өткізді. Ресми Мәскеу Британ кеңесінің аймақтық бөлімдерін заңсыз жұмыс істеп жатыр деп айыптап, өткен айда оларды жабуды талап еткен болатын. Британ кеңесі оған қарсы шықты.