АҚШ-тағы соңғы дауыс берулерде Дж.МакКейн мен Х.Клинтон жеңіске жетті

Құрама Штаттардағы қараша айындағы президенттік сайлауға кандидат таңдауда Республикандықтар ішінен сенатор Джон МакКейн мен Демократтар өкілі, сенатор Хиллари Клинтон жеңіске жетіп отыр. Бұл екі партиядан таңдалған кандидаттар қарашаның төртінде өтетін АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысып, бақ сынасады. МакКейн Оңтүстік Каролинадағы сенбі күнгі дауыс берулерде 33 процент дауыс жинап, алға шықса, Майк Хакаби 30 пайызp дауыспен екінші орында қалды. Бұл арада батыстағы Невада штатындағы сенбі күнгі дауыс берулерде Хиллари Клинтон 51 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Бұл оның Демократтар партиясындағы қарсыласы Барак Обаманы екінші рет басып озуы. Обама соңғы дауыс берулерде тек 45 пайыз дауыс алды.