Сербия сайлаушылары ел президентін таңдау үшін дауыс беруде. Бұл сайлау елдің келешек бағытын анықтау үшін шешуші болмақ. Жексенбі күнгі бұл дауыс берулер Сербияның провинциясы Косово тәуелсіздік жариялауға дайын тұрған кезде өтіп отыр. Сербиядағы президенттік сайлауға тоғыз үміткер қатысып, бес жылдық мандат үшін бәсекелесіп жатыр. Бірақ, ең үлкен бәсеке қазіргі президент реформашыл Борис Тадич пен ұлтшылдық бағыттағы Томислав Николич арасында өтеді. Ол екеуі де Косово тәуелсіздігіне қарсы.