Түркіменстан президенті Гурбанқұлы Бердімұхамедов опера мен цирк өнеріне қайтадан рұқсат берді

Елдің бұрынғы президенті Сапармұрад Ниязов опера мен цирктерді осыдан жеті жыл бұрын жапқызып тастаған болатын. Ниязов опера түркімен мәдениетіне жат өнер дейтін. Мемлекеттік баспасөздің айтуына қарағанда, президент Бердімұхамедов Түркіменстан гүлденіп жатыр, сондықтан опера және цирк өнерімен айналысуға әбден лайықпыз деп айтыпты.