Израиль үкіметі Газа секторына жанар-жағар май мен дәрі-дәрмек кіргізуге рұқсат етті

Ресми өкілдер "Хамас" тобы бақылап отырған Газа секторының шекарасы бүгін бір күнге ғана ашылады деп ескертті. Осылайша жексенбіден бері тоқтап тұрған Газа секторының негізгі электростанциясына отын жеткізіліп алмақ. Израиль Газа секторынан зымыран ату тоқтаса шекараны біржолата ашамыз дейді. Еуропа Одағы Израиль жаппай жазалауға барып отыр деп сын айтты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Араб Лигасының өтініші бойынша Газадағы жағдайды арнайы мәжілісінде қарамақ.