1998-99 жылдары Серб күштерімен болған қақтығыстарда Косово азаттық армиясының қолбасшысы болған бұрынғы премьер-министр серб азаматтарын өлтіріп, зорлық-зомбылық көрсетуге жол берген деп айыпталды. Айыптаушылар Харадинаж бен Косово азаттық армиясының тағы екі мүшесіне 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Олардың үшеуі де тағылған айыпты мойындамаған. Рамуш Харадинаж 2005 жылы БҰҰ-ның трибуналына берілместен бұрын қысқа ғана уақыт премьер-министр болған.