Пәкістанның тайпалы аймағындағы тұрғындар бас сауғалап кетуде

Пәкістанның солтүстік шығысындағы бейбіт тұрғындар қауіпсіздік күштерінің содырлармен соғысынан қорғанып бұл аймақтан қашып жатыр. Ассошейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, бейбіт халық жұма күні үкіметтік күштердің операциясы басталғаннан кейін, Пәкістанның тайпалы қаласы Дара Адам Хелді тастап кетуде.