Еуропа биржаларында бүгін тағы құлдырау болды

Еуропа акцияларының негізгі көрсеткіші "Эф-Ти-Си-И-300" индексі 1,7 пайызға түсті. Жапония биржасында акциялар бүгін 4 пайыздай құлдырады, Гонгонгта құлдырау 6 пайыздан асты. Қаржы биржалары АҚШ орталық банкісі негізгі несие пайызын тағы қысқартуы мүмкін деп алаңдайды. АҚШ орталық банкісі экономика бәсеңдеуінің алдын алу мақсатында осындай шараға тағы баруы мүмкін делінеді.