Пәкістанда 18 ақпанда парламент сайлауы өтеді, екі ел басшылары негізінен осыны талқыламақ. Желтоқсан айында оппозиция басшысы Беназир Бхутто қастандықпен өлтірілген соң сайлау кейінге қалтырылған. Осы Еуропа сапарында президент Мұшарраф сайлау әділ және еркін өтеді деп батыс елдерінің басшыларына уәде берді.