Индонезияның бұрынғы диктаторы Сухарто жерленді

Сухарто туған қаласы Солода жерленді. Ол ұзақ науқастанып, 86-жасында кеше ауруханада қайтыс болды. Сухарто Индонезияны 32 жыл биледі, кейбіреулері оны реформатор деп мақтайды. Алайда Сухартоның артында қалған мұрасы қарама-қайшы. Сухарто жаппай коррупцияға жол берді, адам құқықтарының бұзылуына жол ашты делінеді.