Стефен Харпер Канада өзінің Ауғанстандағы қызметін егер қатерлі деген оңтүстік аймақта НАТО-ға мүше өзге елдер де әскерлерін көбейтетін болса ғана кеңейтеді деп атап көрсеткен. Харпердің консервативті үкіметі Кандағар провинциясында тұрған 2,5 мың жасағын елге қайтару туралы жан-жақты қысымға ұшырауда. Тәліптердің бұрынғы бекінісі болған бұл аймақта 77 әскер мен дипломат қаза тапқан еді. Канада заң шығарушылары ұзартуға мұрсат етпесе, Ауғанстандағы жасақтардың қызметі 2009 жылы аяқталуы тиіс. Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында Канададан басқа Британия мен Голландияның да жасақтары орналасқан.