Қазақстан полициясының хабарлауынша, неміс журналисі Маркус Бенсманнды соққыға жығып, тонады деп күдіктелген бірнеше кісі ұсталған. Бенсманн Астананың шетінде қаңтардың 19-ы күні ес-түссіз табылған болатын. Ол соққыдан қатты жараланып, Астанадағы аяздан журналистің аяқ-қолы үсіп қалған-тұғын. Өзбекстан үкіметі туралы сыни мақалалар жазған Бенсманн қазір Германияда емделіп жатыр. Қазақстанға ол Астана туралы деректі фильм түсіру үшін барған болатын.