Косово алдағы күндері өз тәуелсіздігін жариялауы мүмкін

Премьер-министр Хашим Тачидің мәлімдеуінше, Косово алдағы бірнеше күннің ішінде өз тәуелсіздігін жариялайды. Приштинада журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Тачи мырза алдағы жексенбі күні Сербиядағы президент сайлауында кімнің жеңіске жетуіне қарамастан, Косово өзінің тәуелсіздігін жариялайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл үдеріс мықты байсалдылықпен іске асырылуы керек. Сербия Косовоның тәуелсіздігіне қарсы.