Бір апта бұрын ұрланған төрт жол жұмысшысының бастары кесілсе, үш бейбіт тұрғын бомба жарылысында қаза тапқан. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде оқиғаның солтүстік шығыстағы Нұристан провинциясында болғаны айтылып, бұндай қатігездік жазалау ісі үшін тәліптерді айыптаған. Жергілікті полицияның хабарлауынша, Кандағар провинциясында екі бейбіт тұрғын бомба жарылысында қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған.